Bugin
Жыл сайын Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында «Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар» байқауы өтеді.
Биыл байқауға Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Бішкек, Ташкент қалаларынан 147 оқушы қатысып, 104 өнерпаз лауреат атанды. Оларға дипломдары табыс етілді. 1 апта бойы қатысушыларды тыңдап, әділ бағаларын берген әділ қазылар алқасын мектеп директоры Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров Алғыс хатпен марапаттады.
Конкурс жоғары дәрежеде өтті. Қатысушылар жоғары дайындықпен келгендерін көрсетті. Сонымен қатар, байқау барысында мастер-класстар да өтіп отырды.
«Жақсылық пен жамандық қатар жүретін сияқты. Кез келген конкурста жеңіс пен жеңіліс болады. Бірақ бұл сен нашарсың деген сөз емес, бұл сіздерге жігер беру керек. Қайсар болып, келесі жолы мен міндетті түрде 1-ші орын аламын деп тырысу керек. Осындай конкурстардың жас музыканттар үшін маңызы зор, сондықтан ұйымдастыру қызметіне үлкен рахмет» - деді Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, күйші-композитор, қазылар алқасының мүшесі Төлепберген Тоқжанов.
Байқаудың жабылу салтанаты гран-при иелерінің концертімен аяқталды.